Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде үсік жүруі мүмкін

Жарияланған күні:

жапырақ
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжауынша, алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды. Нәтижесінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады.

Тек еліміздің оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы:

  • республиканың батысында +20°С...+28°С,
  • солтүстік-батыста +12°С..+23°С,
  • шығыста +5°С...+20°С,
  • оңтүстікте +20°С...+30°С,
  • елдің солтүстігінде және орталығында +10°С...+20°С,
  • оңтүстік-батыста +17°С...+ 28°С болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161824-aldagy-kunderi-elimizde-usik-zhurui-mumkin/