Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филалы басшысының міндетін атқарушы сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

"Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Антикор ақпаратынша, 10 қыркүйекте № 2 Тараз қалалық сотының үкімімен "Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды.

"Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарда.

Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161828-zhambyl-oblysynda-tzhm-apattar-meditsinasy-ortalygy-filaly-basshysynyng-mindetin-atqarushy-sottaldy/