Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қызметтік міндеттерін атқарудан жалтарған 50 жеке сот орындаушысы жазаланды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Алматыда мыңнан астам борышкерге шара қолданбаған 50 жеке сот орындаушысы жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының прокуратурасы әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың заңдылығы тұрғысынан талдау жасады.

ЖСО-ның 1000-нан астам борышкерге қатысты олардың банктік шоттарына және мүлкіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдамаған фактілері анықталды, жалақыдан берешекті ұстап қалу жүргізілмеген, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылмаған.

Бұзушылықтар борышкерлердің сот актілерін орындаудан ұзақ уақыт жалтаруына және бюджетке қаражат түспеуіне әкеп соқтырды, осылайша жазаның бұлтартпастық қағидаты бұзылды.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 50 жеке сот орындаушылары  тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 1 жеке сот орындаушыны палатадан шығару рәсімі басталды", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 75 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161845-almatyda-qyzmettik-mindetterin-atqarudan-zhaltargan-50-zheke-sot-oryndaushysy-zhazalandy/