Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада күріштен рекодтық өнім алынуда

Жарияланған күні:

Бидай
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Өңірдегі ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алып отыр.

Атап айтқанда, Жалағаш ауданындағы "Ер-Әлі" шаруа қожалығы 3500 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын еккен. Оның ішінде 1300 гектарға күріш егіп, бүгінде әр гектарынан орташа есеппен 89 центнерден өнім алынды.

Сондай-ақ салада ұзақ жылдық тәжірибесі бар "Таң ЛТД" ЖШС биыл 3000 гектар жерге егін еккен. Оның ішінде 1500 гектарға күріш дақылы егілген болса, оның әр гектарынан орташа есеппен 85 центнерден өнім алынып отыр. Басым бөлігі шетелдік жаңа каурис сорты және жерсіндірілген лидер, альянс сорттары . Бұдан бөлек, 80 гектарға қант құмайы, 800 гектарға жоңышқа, 150 гектарға түйежоңышқа дақылдары егілді.

Астық жинайтын комбайн
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жалпы облыс бойынша 189 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 85,6 мың гектарды құрайды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажет деңгейде жеткізілді. Шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.

Сонымен қатар егін жинау жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.

Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 27,7 мың гектары орылып, 19,2 мың гектары бастырылды. Тиісінше, егілген әр гектардан орташа есеппен 49,6 центнерден өнім алынуда.

Қазіргі таңда облыста егілген егін жинау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

"Таң ЛТД" ЖШС қытайлық компаниямен бірлесіп тамшылатып суару әдісімен 3000 гектар жерге жүгері егу жобасын іске асырды. Қазіргі таңда 800 гектарға тамшылатып суару әдісімен жүгері дақылы егілді.

Астық жинайтын комбайндар бидайды жинайды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бұдан бөлек "Ер-Әлі" шаруа қожалығында тамшылатып суару әдісімен 6 гектар жерге қарқынды алма бағын еккен. Бүгінде 5000 түп "Голден Делишес", 5000 түп "Джонатан", 2650 түп "Ренет Семиренко" ағаш сорттары отырғызылып, күтімге алынды.

Қазіргі таңда егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161867-qyzylordada-kurishten-rekodtyq-onim-alynuda/