Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысы ет экспорттаудан елімізде бірінші орында тұр

Жарияланған күні:

Сиыр еті
Бір тілім ет. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл Түркістан облысында 7 ай ішінде жалпы 112,8 мың тонна ет өндіріліп, 7 тоннаға жуығы экспортқа шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Түркістан облысында биыл 7 айда 112,8 мың тонна ет, 280,2 мың тонна сүт, 143,6 миллион жұмыртқа өндірілген. Ет экспорты бойынша Түркістан өңірі республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде. Биылғы 7 айда 6,9 мың тонна ірі қара малдың, 4,7 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту оң септігін тигізіп отыр. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар.

"Ет экспортын арттыруда Сайрам ауданы кәсіпкерлерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, 8 айда "Тұран Агро Ет-Сүт" АШӨК-і 3500 тонна сиыр етін және 1560 тонна қой етін Өзбекстан еліне экспорттаса, "Қайып ата" ЖШС 2 945 тонна сиыр етін және 12 тонна қой етін Өзбекстанға, 118 тонна қой етін Иранға экспорттады. "Қайып ата" ЖШС Тәжікстанмен 110 тонна ет экспорттау бойынша келісімшарт жасады. Экспорт осы айдан бастап жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Республикалық делегацияның Австралия еліне жасаған іссапары қорытындысымен жалпы құны 55,2 млрд теңгеге 5 ірі инвестицялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161878-turkistan-oblysy-et-eksporttaudan-elimizde-birinshi-orynda-tur/