Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек Ғылым министрлігіне білім грантына байланысты алғаш рет сотқа шағым түскенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің үстінен сотқа түскен арыз-шағымдар туралы айтты. Арыздар талапкерлер тарабынан түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ғылым министрлігінің үстінен барлығы 22 арыз-шағым түскен. Бірінші арызданушының шағымы мемлекеттік грант алуына байланысты 2 апта бұрын қайтарып алынған.Талап арыздың күші жойылды. Қазір бір ғана белсенді шағым қалды. 19 қыркүйекте бірінші сот отырысы болады, бірақ сол уақытта арыз-шағыммен жүгінген талапкер ҚазЭУ университетінің грантын және мемлекеттік грантты иеленді", - деді министр Саясат Нұрбек.

Ғылым министрінің сөзінше, талапкерлер негізінен қалаған оқу орнына түсе алмағаны үшін арыз түсірген. Саясат Нұрбектің сөзінше, министрлікке алғаш рет сотқа шағым түсіп отыр.

"Негізінен шағым мынадай: грантқа тапсыру кезінде талапкер төрт университетті белгілейді. Бірақ, талапкерлер екінші, үшінші белгілеген ЖОО-ға түскеніне наразы.

Бұл талапкерлердің өз таңдауы және гранттарды бөлу механизмі ашық. Егер бірінші таңдауда бәсекелес көп болса, жоғары балл жинағандар грант иеленеді. Кейін талапкер автоматты түрде екінші немесе үшінші белгілеген университетке түседі. Біз сотта анықтаймыз. Барлық дәлелді айтамыз. Министрлік алғаш рет сотқа тартылып отыр", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, 3 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігі білім грантына ие болғандардың тізімін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161900-saiasat-nurbek-gylym-ministrligine-bilim-grantyna-bailanysty-algash-ret-sotqa-shagym-tuskenin-aitty/