Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанның жеке дизайн-коды енгізілетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

Киелі Түркістан
Киелі Түркістан өңірі. Көрнекі сурет: basnews.kz

Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беріледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасының таныстырылымы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды Kazinform.

"Заң жобасы аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беру көзделген. Бұл тұрғыда қала мәслихатына 7 құзырет беріледі. Осы орайда қала құрылысы регламенті мен қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, ұлттық қолөнер саласындағы шеберлер шығындарының белгілі бір бөлігін бюджеттен өтеу қағидаларын, бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын, көпшілікті тамақтандыру, сауда және қызмет көрсету стационарлық емес нысандарын, жазғы алаңдарды орнату қағидаларын, сондай-ақ Түркістан қаласының аумағында нышанды пайдалану тәртібін бекіту ескерілген", - деді Б.Омарбеков.

Оның айтуынша, қала әкімдігіне 27 құзырет беріледі, олар негізгі 3 бағытқа бөлінген. Бірінші бағыт қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра ныандарының сақталуын қамтамасыз етуге бағдарланған.

"Екінші бағыт кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдануға бағытталған. Бұл ретте Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру ұсынылды: қаланың дизайн-кодын және қала құрылысы регламентін әзірлеу, қала құрылысы кеңесін құру және оның ережесін бекіту", - деді вице-министр.

Ал үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналған. Осы тұрғыда Түркістан қаласының әкімдігіне туризм инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдау құзыретін беру жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161911-turkistannyng-zheke-dizain-kody-engiziletini-belgili-boldy/