Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедектігі бар адамдарға – кедергісіз орта: Қазақстандағы жағдай қалай өзгеріп жатыр

Жарияланған күні:

Мүгедектер арбасындағы адам
Көрнекі фото: depositphotos.com

Мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды бейімдеудің маңыздылығы туралы, сондай-ақ бұл бағытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандай шаралар қабылдап жатқандығы жөнінде NUR.KZ баяндайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта әлемнің көптеген елі жіті көңіл бөле бастады. Қазақстан да аталмыш салада белгілі бір прогресске қол жеткізді. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту тек қана әлеуметтік жеңілдектер мен төлемдер бөлумен шектеліп қалмауы керек. Олардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына әсер ететін негізгі фактор – қоғамда қолайлы ортаны қалыптастыру.

2019 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылып келеді. Бұл құжат 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының қисынды жалғасы болып табылады.

Ұлттық жоспардың басты мақсаты – барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Объектілерді бейімдеу бойынша әкімдіктердің жұмысы туралы толық ақпаратты Қолжетімділіктің интерактивті картасынан табуға болады. Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандардың белгілі бір объектіге барар алдында оның қолжетімділік дәрежесін көруге мүмкіндігі бар.

Әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жұмыстарының жылдық орындалу пайызы – 20 пайыз. Қазіргі уақытта бейімделген нысандардың жалпы саны 17,5 мыңнан асады.

Мүгедектігі бар тұлғалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласындағы ахуалды тұрақты қадағалау бақылаудың маңызды құралы. Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді.

Өткен жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде аумақтық департамент қызметкерлері мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінде заңнаманың сақталуына 1783 тексеру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік бақылаумен денсаулық сақтау, мәдениет және басқа мекемелер қамтылды. Айта кету керек, аумақтық департаменттерінің қызметкерлері жоспардан тыс 553 тексеру, ал прокуратураның талабы бойынша 350 тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1171 ұйғарым берілді, олар бойынша жалпы сомасы 98,4 миллион теңгеге 467 әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кеткен жөн, 2023 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан тоғыз жыл бұрын Қазақстан ратификациялаған “Мүгедектердің құқықтары туралы” конвенцияға және оған қатысты Факультативтік хаттамаға қол қойды. Осылайша, біздің еліміз қоғамның барлық мүшелеріне тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды кемітуді болдырмауға міндеттеме алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161959-mugedektigi-bar-adamdarga-kedergisiz-orta-qazaqstandagy-zhagdai-qalai-ozgerip-zhatyr/