Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік жүріп, дауыл соғады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

гүл
Үсік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

17 қыркүйекте күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікте солтүстік-шығысқа ауысады, таулы аудандарда екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Алматыда кешке найзағай ойнайды.

17-18 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 қыркүйекте Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батсында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

16 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

16 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ертең Атырау облысында шығыстан соғатын жел күшейеді, күндіз солтүстік-шығыстан батыста және оңтүстікте облыстың екпіні 15-20 м/с болады. Аймақтың басым бөлігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ертең түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертен тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 4 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының шығысында, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162070-usik-zhurip-dauyl-sogady-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/