Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сархат Бейсенова Бас мемлекеттік санитария дәрігері болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Сархат Бейсенова
Сархат Бейсенова. Фото: Үкіметтің ресми сайты

Үкімет қаулысымен Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған. 

1996-1999 жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы болды.

1999-2009 жылдар аралығында Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болған.

2009-2017 жылдар аралығында ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары, департаменті директоры, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары болған.

2017-2020 жылдар аралығында ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары болған.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып қызмет етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162166-sarhat-beisenova-bas-memlekettik-sanitarlyq-dariger-bolyp-tagaiyndaldy/