Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 117 млн теңге жымқырған

Жарияланған күні:

Есепші
Құжат толтырып отырған есепші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Аталған факт облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының прокуратурасы сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып "ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162196-manggystau-oblysynda-ulttyq-sport-turleri-ortalygynyng-bas-esepshisi-117-mln-tengge-zhymqyrgan/