Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсет Мағауов "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Әсет Мағауов
Әсет Мағауов. Фото: facebook.com/KAZENERGY

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылық құрамында өзгерістер болды. Әсет Мағауов пен Бекзат Абайылданов "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әсет Мағауов мұнай өңдеу және мұнай химиясы, мұнай өңдеу зауыттарының қызметі мәселелеріне жетекшілік етеді.

Мағауов И. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын "Отын-энергетика кешені салаларындағы экономика және басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы "Теңізмұнайгаз" АҚ-да экономист болып бастаған. Әр жылдары энергетика вице-министрі, мұнай және газ вице-министрі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ "Теңізшевройл" ЖШС бас директорының орынбасары, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ басқарушы директоры, Мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығының бас директоры қызметтерін атқарды.

Бекзат Абайылданов мұнай және газ өндіру, геологиялық барлау бағытын басқарады.

Ол Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Өндірісті басқару және ұйымдастыру" және "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Өзенмұнайгаз" АҚ филиалының №1 мұнай-газ өндіру басқармасында оператор көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры, "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары, "Каспий Мұнай" АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162232-qazmunaigaz-basqarma-toragasynyng-orynbasarlary-tagaiyndaldy/