Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика вице-министрі: Түркістан халқының өмір сүру жасы ұзарған

Жарияланған күні:

Таяққа сүйенген қария
Көрнекі фото: Pixabay.com

Түркістандықтардың өмір сүру жасы 3,5 жылға ұзарды. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Вице-министрдің айтуынша, "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасы әзірленбес бұрын талдау жүргізілген.

"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын дайындағанда талдау жүргіздік. 2018 жылы Түркістан облыс орталығы болды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатын қалай өзгертті? Біріншіден, халықтың өмір сүру ұзақтығы – 70 жастан 73,5 жасқа дейін, яғни 3,5 жылға ұзарды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш", - деді Бауыржан Омарбеков.

Бұдан бөлек, қалада кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Мысалға алар болсақ, 2018 жылдан бері тағы 12 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.

"Екіншіден, 2018 жылы өңірде шағын және орта бизнес субъектілердің саны 10 мың болса, бүгінде олардың саны 2 есе өсіп, 22 мыңға жетті. ШОБ көрсеткішінің өскені бюджетке де өз әсерін тигізді. 2018 жылы қаланың өзіндік табысы 3,1 млрд теңге болса, қазіргі көрсеткіш 10 есе өсіп, 32 млрд теңге болды", - деді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162236-turkistan-halqynyng-omir-suru-zhasy-uzargan-ulttyq-ekonomika-vitse-ministri/