Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында психотроптық заттар дайындайтын зертхана ашқандар сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы мен әділдік таразысы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында психотроптық заттарды дайындауға арналған жасырын зертхананы ұйымдастырып, 27 кг мефедрон сақтағандап сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық сотының ресми сайтында хабарланғандай, сотталушылар 2022 жылдың тамыз айында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында психотроптық заттарды дайындауға арналған жасырын зертхананы ұйымдастырып, қажетті барлық қондырғылары және құрылғыларымен  жабдықтаған.

2023 жылдың наурыз айының шамамен бас кезінде сотталушылар тергеумен анықталмаған тұлғалардың, яғни сыбайластарының нұсқауы бойынша, өздерінің жасырын жабдықтаған зертханасында жалпы салмағы 11 килограмнан асатын "мефедрон" психотроптық затын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында дайындап, осы психотроптық заттарын екіге бөліп, Түркістан облысының Түлкібас және Сайрам аудандарының аумағына жасырған.

2023 жылдың сәуірінде сотталушылар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  қызметкерлерімен  құрықталған. Жасырын зертхана ретінде жабдықталған сарайды тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 27 килограммнан асатын "мефедрон" психотроптық заты анықталған.  

Сондай-ақ сол күні А.К.-ның Шымкент қаласы, 16 шағын ауданындағы пәтерін тінту барысында, өзі қолдану үшін өткізу мақсатынсыз сақтап қойған массасы 1,48 грамм кептірілген марихуана есірткі заты  тәркіленіп алынған.  

Сотталушылардың кінәлары тінту хаттамаларымен, кінәсін мойындап берген жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және өзге құжаттармен дәлелденеді.

Сотталушылардың жазасы мен жауапкершілігін ауырлататын  мән-жайлар табылмады.

Сот А.К.-ға ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1),3),5) тармақтарымен және 296-бабының 2-бөлігімен, түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады;

М.К.-ға ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1),3),5) тармақтарымен, 10  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162353-turkistan-oblysynda-psihotroptyq-zattar-daiyndaityn-zerthana-ashqandar-sottaldy/