Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үштікте – Павлодар облысы мен Алматы қаласы": қай өңір тұрғындары ішімдікке әуес екені белгілі болды

Жарияланған күні:

Ішімдік
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қазақстанда бір адам жылына шамамен 5 литр алкоголь тұтынады. Ел осы көрсеткішпен 180 мемлекеттің ішінен 100-орында тұр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алкоголь тұтыну бойынша алғашқы орындарда Латвия (13,2 литр), Молдова (12,9 литр) және Германия (12,8 литр) тұр.

Ал Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ішімдік ішу жағынан көш бастап тұр.

Алкоголь тұтынудың әлемдік рейтингі
Алкоголь тұтынудың әлемдік рейтингі. Фото: energyprom.kz

Ұлттық Статистика бюросының мәліметінше, биылғы екінші тоқсанда Қазақстандағы әрбір үй алкогольге орта есеппен 5,5 мың теңге жұмсаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1 пайызға көп.

Алкогольге ең көп шығынды Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жұмсаған (9,5 мың теңге). Бұл былтырғыдан 14,8 пайызға көп.

Ішімдікті ең көп ішетін үштікке Павлодар облысы (9,5 мың теңге, 2,9 пайызға аз) және Алматы қаласы (8,9 мың теңге, 20,5 пайызға көп) кірді.

Алкогольдік ішімдіктерге Қызылорда (1,2 мың теңге), Ақтөбе (1,4 мың теңге) және Маңғыстау (1,5 мың теңге) облыстарының тұрғындары ең аз ақша құртады.

Сонымен қатар, сарапшылар биылғы жылдың тамызында алкогольді сусындардың өткен айға қарағанда 0,4 пайызға, былтырмен салыстырғанда 9,3 пайызға қымбаттағанын атап өтті.

Бір айда шарап 0,8 пайызға, сыра 0,5 пайызға қымбаттаған. Ал арақ 0,2 пайызға арзандады. Былтырмен салыстырғанда сыра 14,4 пайызға, шарап 9,9 пайызға, арақ 3,6 пайызға қымбаттады.

Бір айда алкогольдің бағасы ең көп Астанада (2,1 пайызға) және Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында (1,8 пайызға) өскен.

Қазақстандықтардың алкогольге құртатын шығыны
Қазақстандықтардың алкогольге құртатын шығыны. Фото: energyprom.kz

Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстарында баға өткен айдағымен бірдей. Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Алматы облыстарында алкоголь арзандаған.

Қазақстанда алкоголь өнімдері бір жылда 10,8 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар елде спирттік ішімдіктердің сатылымы айтарлықтай азайғанын атап өтті.

Сондай-ақ жақында кәсіпкерден тәркіленген 21 мыңнан астам бөтелке арақты Павлодар облысының медициналық мекемелеріне жіберу туралы шешім қабылданды. Ал кәсіпкерге жасанды спирттік ішімдік үшін айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162472-ushtikte-pavlodar-oblysy-men-almaty-qalasy-qazaqstanda-ishimdikke-qai-ongir-turgyndary-aues-ekeni-belgili-boldy/