Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ер адам танысын көмекке шақырып, кейін оған пышақ жарақатын салған

Жарияланған күні:

Қолында пышағы бар ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

Орал қаласында танысын саяжайда көмекке шақырып, бірнеше рет пышақ ұрған ер адамға үкім шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Батыс Қазақстан облысының сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Орал тұрғынына Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша – "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" қылмыстық құқықбұзушылығын жасаған деген айып тағылған.

Облыстық соттың мәліметінше, айыпталушы өзінің саяжайына танысын телефонмен көмекке шақырған. Жұмыстан кейін олар ішімдік ішкен. Кейін сөзге келіп, жанжал соңы төбелеске ұласқан.

"Р. ас үй пышағын қолына алып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында бірнеше рет К.-ға соққы жасаған. Сол сәтте ол қатты ауырсынудан еденге құлаған. Кейін Р. мен К. туындаған жанжалды басу мақсатында бірге ішімдік ішуді жалғастырған", - деп мәлімдеді сотта.

Келесі күні К. жарақаттарын тексерту үшін қалалық көпсалалы ауруханаға жүгінген. Жарақаттар ауыр зиян келтіргенін көрсеткен. Ал айыпталушы кінәсін мойындамаған.

"Сот айыптау үкімін шығарып, 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіз мекемесінде өтеу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодарда оқушылар арасында төбелес болып, салдарынан бір бала өзінің екі құрдасын пышақпен жарақаттағаны туралы ақпарат пайда болды. Павлодар облысы ПД мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, Қонаевта автобуста жолаушыны пышақтап кеткені туралы хабарланған. Қалалық полиция қылмысты түсіндіріп, оқиғаға қатысты іс қозғалғанын, ал шабуыл жасаушының ұсталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162514-oralda-er-adam-tanysyn-komekke-shaqyryp-keiin-ogan-pyshaq-zharaqatyn-salgan/