Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 11 балдық кептелістер тіркелді

Жарияланған күні:

Көлік кептелісі
Кептеліс. Көрнекі фото: pixabay.com

Сейсенбі, 17 қыркүйектің кешінде Алматыда 11 балдық кептелістер тіркелді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп KAZ.NUR.KZ.

2ГИС деректері бойынша, 18:00-ден кейін қалада кептелістер пайда болған. Мақала жазылып жатқан сәтте кептелістер 11 баллды көрсетіп тұрды.

"20 минуттан бері қозғалмай тұрмыз", "Сәлем, кептелістер", "Жүргізушілер, бір-бірімізді сыйлайық", "Мопед сатып аламын", - деп көлік жүргізушілері пікір білдірді.

Сондай-ақ, сайттағы ақпаратқа сәйкес, Алматыда жол-көлік апаттары болған. Куәгерлер картада жол-көлік оқиғасы тіркелген аумақтарды белгілеп кеткен.

Алматыдағы кептелістер картадан қарағанда
Алматыдағы кептелістер картадан қарағанда. Фото: 2gis қосымшасынан скриншот

Еске салсақ, синоптиктер бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауатынын болжаған еді. Болжам бойынша, түнде ауа температурасы 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162523-almatyda-11-balldyq-keptelister-tirkeldi/