Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың бір бөлігі жарықсыз қалды

Жарияланған күні:

электр энергиясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін кешке Астанада электр жарығы апатты түрде сөнді. Оқиға орнына мамандар аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана-АЭК" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарықтың сөнгені туралы ақпарат Astanovka_98 Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Оқиғаға қатысты "Астана-АЭК" баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Сағат 19: 03-те Алматы ауданы "Жұлдыз" қосалқы станциясында РП-190 қоректендіретін нөмірі 115 ұяшығында апат болды. Оны ауыстыру үшін резервтік желі қолжетімді", - деді компанияда.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-көшпелі бригада апаттың салдарын жою мақсатында оқиға орнына аттанған.

"Астана - өңірлік электржелілік компания" АҚ ресми сайтында компанияның негізгі міндеті электр энергиясын беру және тарату, сондай-ақ елорда тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру екені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162554-astananyng-bir-boligi-zharyqsyz-qaldy/