Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші әйел алуға келісім бермегені үшін ұрып-соққан": Түркістан облысында көпбалалы ана зардап шекті

Жарияланған күні:

Қол көтеру
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алты баласы бар келіншекті күйеуі екінші әйел алуға келіспегені үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vera.kz сайтына сілтеме жасап.

41 жастағы алты баланың анасы ауруханада тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген тағы бір келіншекпен танысқан. Ол дағдарыс орталығы туралы айтып берген. Алты баласы бар келіншек бұған дейін көп жылдар бойы күйеуінің ұрып-соққанына және оның туыстарының жәбірлеуіне үнсіз төзіп келген. Соның кесірінен жетінші баласынан жүктілік кезінде айырылып қалған.

"Ол кетуді тіпті ойламаған, осындай өміріне мойынсұнған. Балаларға тиіспесе екен деп, үндемей төзіп келген. Ал кейінірек күйеуінің тағы бір отбасы құрғанын біліп қалған. Ол отбасыда ұл мен қыз өсіп келеді. Бұл туралы бәрі білген, тек келіншек қана ештеңе білмеген. Бұл әйелді ол бұрыннан танитын, себебі бұл әйел олардың учаскелік медбикесі болғандықтан, жиі келіп тұрған. Ең сорақысы, күйеуі ұрып-соққан кездері медбикеден көмек сұраған сәттерде ол мойынсұнуға кеңес берген, себебі бәрінің басында бір проблема – ұрып-соғу мен кешіру", - деп "Көмек" орталығының директоры Малика Жүсіпова оқиғаның кейбір жайларымен бөлісті.

Психологтер онымен көп жұмыс жасады, себебі әйел қатты қиналып қалған. Орталықта оның имиджін өзгертті, ол ұзақ бейімделу курстарынан, медициналық тексерулерден, терапия курстарынан, массаждан өтті, наубайшы және аспаз мамандығын алып, жұмысқа орналасты. Сонымен қатар психологтер күйеуімен де жұмыс істеді, себебі келіншек ештеңеге қарамастан, одан кетпеймін деп шешті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162560-ekinshi-aiel-aluga-kelisim-bermegeni-ushin-uryp-soqqan-turkistan-oblysynda-kopbalaly-ana-zardap-shekti/