Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада автобуста жасөспірімді ұрып-соққан: қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Көлік
Қоғамдық көліктер. Көрнекі фото: zakon.kz

Астанада автобуста жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жасөспірімді ұрып-соғу бойынша 15 және 16 жастағы үш күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Аталған фактіге қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта заңды өкілдері кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісті түрде орындамағаны үшін жауапқа тартылмақ. Жасөспірімер профилактикалық есепке тұрғызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді елордалық ПД өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы автобуста жасөспірімді ұрып-соққандардың видеосы тараған еді.

Полиция аталған факті бойынша іздеу жұмыстары басталғанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162577-astanada-avtobusta-zhasospirimdi-uryp-soqqan-qylmystyq-is-qozgaldy/