Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман түсіп, үсік жүреді: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

гүл
Үсік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде 18 қыркүйекке дауылдық ескерту жарияланды. Ертең Астана мен еліміздің басқа да өңірінде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

18 қыркүйекте түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Абай облысының батысында, шығысында, орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Сәрсенбіде Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оның күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сәрсенбіде Ұлытау облысында шығыстан жел соғады.Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүруі ықтимал.

Ертең күндіз Ақтөбе облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

18 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай, дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі ықтимал.

Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман болуы ықтимал. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

18 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында тұман, ал Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ертең Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162583-erteng-astana-men-elding-birneshe-ongirinde-usik-zhurui-mumkin/