Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға әлеуметтік қордан 70 мың теңгеден қаражат берілетіні рас па

Жарияланған күні:

Ақша салынған әмиян
Ақша салынған әмиян. Көрнекі сурет: Igor Bastrakov/Getty Images

Әлеуметтік желіде 1949 жылдан 2010 жылға дейін туған адамдарға әлеуметтік қордан 70 мың теңгеден өтемақы аударылатыны туралы тағы бір жалған ақпарат тарады. Бұл туралы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайт мәліметінше, Қазақстанда әлеуметтік қор деген жоқ.

"Төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаумен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Ведомствоның ресми порталында алаяқтар атап көрсеткен белгілі бір уақыт аралығында туғандарға төленетін 70 мың теңге мөлшеріндегі төлем туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.

Жарнама сенімдірек болуы үшін алаяқтар жалған видеода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған. Мемлекет басшысының ресми порталында жаңа төлем туралы жарлықтар жоқ.

"Төленбейтін өтемақылар мен төлемдер туралы ақпарат Желіде жиі тарайды. Күмәнді жарнамаларға сенбеңіздер және белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаңыздар", - деп ескертті мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162679-aleumettik-qordan-qazaqstandyqtarga-70-myng-tenggeden-qarazhat-beriledi-degen-aqparat-ras-pa/