Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы мен бухгалтері сотталды

Жарияланған күні:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы мен осы ұйымның бухгалтері сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" КММ басшысы мен осы ұйымның бухгалтеріне қатысты үкім шығарған.

"Олар іс жүзінде еңбек қызметін іске асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162749-shymkent-qalasynyng-darigerlik-dene-shynyqtyru-dispanserining-basshysy-sottaldy/