Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер қоқыс тастаған алматылықтарға қанша айыппұл салынатынын айтты

Жарияланған күні:

Полицейлер
Фото: Polisia.kz

Алматыда үлкен көлемдегі қалдықтардың, оның ішінде ескі жиһаздар, сынған тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтары, сондай-ақ, қаптамалар, пластикалық бөтелкелер және басқа да көше қалдықтар тастау көбейіп барады. Полицейлер енді қоқыс тастаған алматылықтарға айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қоғамдық орындардағы бұзушылықтар қаланың санитарлық жағдайына кері әсерін тигізеді.

2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап Алматыда абаттандыру саласындағы бұзушылықтармен күресу шаралары күшейтіледі. Көлемді қоқыс пен көше қоқыстарын рұқсат етілмеген орындарға қалдырғаны үшін айыппұл салынады", - деді полицейлер.

Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы қалалық полиция департаментімен бірлесіп, тәртіп бұзушыларды анықтауға бағытталған бірлескен рейдтер жүргізетінін, қалдықтар заңсыз төгілетін жерлерге бейнебақылау камералары орнатылатынын ескертті.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары, стихиялық орындарда рұқсатсыз сыртқы жарнаманы орналастыру жағдайларына баса назар аударады.

Қыркүйек айының басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша, Алматы қаласының көшелеріндегі коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы тазалауға қосымша құрал-жабдықтар мен ресурстарды қажет ететін қоқыс жәшіктері толып жатқан 52 аумақты анықтады.

Санитарлық тазалаудың тиімділігін арттыру мақсатында дизайн-код бойынша жаңа кең қоқыс жәшіктерін сатып алу, сондай-ақ қосымша тазарту, патрульдік маршруттарын іске қосу жоспарлануда.

Бүгінде қалада 33 мыңға жуық қоқыс жәшіктері болса, қаланы тазалауға 1300-ге жуық адам мен 1000-нан астам техника жұмылдырылған.

Көлемді және көше қалдықтарды дұрыс сақтамау қоғамдық орындардың ластануына және қоқыс жинайтын компаниялардың жұмысының бұзылуына әкеп соғады.

Мысалы, көшедегі қоқыс тротуарлар мен жолдарды ластауы мүмкін, ал контейнерлердегі көлемді қоқыс қоқыс таситын нығыздағыштардың жұмысын қиындатады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзу мынадай айыппұлдарға әкеп соғады:

- жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК;

- шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар – 30 АЕК;

- орта кәсіпкерлік субъектілері – 40 АЕК;

- Ірі кәсіпкерлік субъектілері – 100 АЕК.

Ведомство мәліметінше, қаланың санитарлық жағдайы мен эстетикасын жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары 2 мыңнан астам жаңа контейнерлер орнату жоспарланып отыр.

Бұл контейнерлер қоқыс контейнерлері алып жатқан аумақты азайтады, жағымсыз иістерді бөгейді және құстар мен қаңғыбас жануарлардың кіруіне жол бермейді.

"Үлкен көлемдегі қалдықтарды шығару үшін қала тұрғындарына мамандандырылған ұйымдарға хабарласу немесе қалдықтарды өздері шығару ұсынылады. Бұл шаралар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды болдырмауға, сондай-ақ қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі", - деді полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162794-politseiler-qoqys-tastagan-almatylyqtarga-qansha-aiyppul-salynatynyn-aitty/