Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады деп болжанды

Жарияланған күні:

Судағы қағаз қайық
Жаздағы жаңбыр суы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер республиканың оңтүстігінде ғана күн күркіреп, жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, осы аптаның соңына дейін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жалғасады, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің оңтүстік өңірлеріне циклон әсер етіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Метеорологтардың мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді.

19-20 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең -2 градусқа дейін күн суиды деп болжанды.

Еске сала кетейік, синоптиктер апта басында оңтүстікте циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжады.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түсіпп, 17-19 қыркүйекте үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162839-aldagy-kunderi-elimizding-ongtustiginde-kun-kurkirep-zhangbyr-zhauady-dep-bolzhandy/