Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде екі сиырды "жигулиге" тиеп алған ер адам айыппұл арқалады (видео)

Жарияланған күні:

Жеңіл көлікке тиелген сиырлар
Семейде ер адам жеңіл көлікке сиырларды тиеп алған. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Семейде сиырларды автокөлікке тиеп алған ер адам анықталып, әкімшілік жуапкершілікке тартылды. Бұл туралы полицейлерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Абай облысы тұрғынының "жигулидің" салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған.

Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады.

"35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жезқазғанда кәріз құдығына құлап кеткен жылқы арнайы арқанмен құтқарылды. Құдыққа құлап кеткен жылқыны құтқару сәті видеоға түсіп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162857-semeide-eki-siyrdy-zhigulige-tiep-algan-er-adam-anyqtaldy/