Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ оқу-жаттығуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері. Фото: gov.kz

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысында ҰҚШҰ-ның оқу жаттығуы өтпек. Қорғаныс министрлігі осыған байланысты үндеу жасады. Бұл туралы министрлік Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

Алматы облысының "Жағалау" оқу полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің әскери контингенттері қатысады.

"Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - деп ескертті Қорғаныс министрлігі.

Әскери құрамалар 18 қыркүйектен бастап Алматы және Жетісу облыстарының аумағына темір жол және автомобиль көлігімен жеткізіліп жатыр. Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімшелер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162983-qorganys-ministrligi-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/