Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жануарға қатыгездік көрсеткен ер адамға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Фото: freepik.com

Шымкент қаласында темірмен итті бірнеше рет ұрып, жарақаттаған ер азамат қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты З. есімді азаматтың қылмыстық ісін қарады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған.

2024 жылдың 27 тамызында З. қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау орталығында темір затпен итті бірнеше рет ұрып, оған жарақат салғаны сотта анықталды.

"Сотталушының кінәсі өзінің жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, итке жарақат салу сәті бейнеленген бейнежазбамен, заттай дәлелдемелер мен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді", - деп жазды қалалық сот.

Прокурор соттан азаматқа 60 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза сұрады. Ал сотталушы мен оның қорғаушысы айыпты ішінара мойындап, 30 сағатқа қысқартуды өтінді. Сот оның жасөспірім баласын бар екенін және оның шынайы өкінгенін ескеріп, 60 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны тағайындады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163040-shymkentte-zhanuarga-qatygezdik-korsetken-azamattyng-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/