Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайына ұшақ шұғыл қонды: инсульт алған шетелдіктің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін Токиодан Цюрихке ұшқан ұшақта жолаушылардың бірі инсульт алған соң Астана әуежайында шұғыл түрде қонған болатын. Енді оның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы арнасында.

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне уақтылы көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді

Естеріңізге сала кетейік, биыл 17 тамызда "Токио – Цюрих" бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларының бірі ұшу барысында өзін нашар сезінген болатын. Жапония азаматы инсульт алып, ұшақ Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды.

Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Жапония елшілігіне жедел хабарлады. Осыдан кейін ол шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Полиция ақпаратынша, қазіргі уақытта инсульт алған жолаушы денсаулығы тұрақтанғаннан кейін отанына аман-есен оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163066-astana-auezhaiyna-ushaq-shugyl-qondy-insult-algan-sheteldikting-zhagdaiy-belgili-boldy/