Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы көшелердің бірінде екі аптаға жуық уақытқа көлік қозғалысы шектеледі

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада Сарыарқа даңғылынан бастап К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С. Сейфуллин көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі аптаға жуық жол жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Әкімдік ақпаратынша, Сарыарқа даңғылынан бастап К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С. Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163087-astanadagy-koshelerding-birinde-eki-aptaga-zhuyq-uaqytqa-kolik-qozgalysy-shekteledi/