Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрінің әкесі Майдан Сәтқалиев дүние салды

Жарияланған күні:

Майдан Сәтқалиев
Майдан Сәтқалиев. Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің әкесі Майдан Сатқалиев 81 жасында дүниеден озды. Бұл ақпаратты Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сатқалиев Майдан Әбдуғалиұлы 1943 жылы Алматы облысы Қоғалы ауылында дүниеге келген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

1962 жылы Киев халық шаруашылығы институтына оқуға түседі, екінші курста оқып жүргенде әскер қатарына шақырылды. Кейін оқуын жалғастырып, 1969 жылы қаржыгер мамандығын алып шығады.

Еңбек жолын Алматы облысы салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік статистика органдарында, аға оқытушы, деканның орынбасары, партия ұйымының хатшысы, Алматы халық шаруашылығы институтының Қаржы кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.

1997 жылы Астанаға көшкеннен кейін Қазақ аграрлық университетінің Қаржы кафедрасының доценті болған.

Банк ісі бойынша оқулықтың және Қазақстан қаржысына арналған бірқатар мақалалардың авторы.

Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының "Алтын Бүркіт" орденімен марапатталған, сонымен қатар басқа да марапаттарды иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163123-energetika-ministrining-akesi-maidan-satqaliev-dunie-saldy/