Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі шетелдік студенттің денесі табылды

Жарияланған күні:

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте жалдамалы пәтерден Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі студенттің денесі табылды. Олардың неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Бұл туралы Otyrar.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, студенттердің денесі марқұмдар тағы үш шетелдікпен бірге жалға алған пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылған.

Студенттер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының екінші курсында оқып жүргені айтылады.

Сондай-ақ өлім себебі сараптама арқылы анықталып жатқаны жазылған.

Бұл ретте Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі студенттер иіс тиіп қайтыс болды деген бастапқы нұсқаны жоққа шығарды. Өйткені пәтерде орнатылған газ бағанасы мен ас үй пешінен ақаулар анықталмаған.

Журналистер ақпарат алу үшін Шымкент қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163211-shymkentte-zhaldamaly-paterden-eki-sheteldik-studentting-denesi-tabyldy/