Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция қызметкерлері алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінген бірнеше адамды ұстады. Арнайы операциялар Қазақстан мен Ресейде өткізілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталған күдіктілердің жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын сомасы 650 миллион теңгеден асады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Қарағандыда 45 жастағы ер адам ұсталған. Ол 2018 жылдың шілде айында Ақтөбеде жүріп, елордада жылжымайтын мүлік сатып алу сылтауымен 100 миллион теңгені иемденген.

Алматыда 44 жастағы әйел ұсталған. Ол 2023 жылы көкөністер мен жемістер секілді халық тұтынатын тауарларды жеткізу сылтауымен азаматтардың 516 миллион теңгеден астам қаржысын қолды қылған деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар Астанада 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол былтыр қыркүйекте жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 миллион теңге жымқырған.

Мәскеуде де 30 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені иемденген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық, яғни өзге адамның мүлкін ұрлау немесе алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтен мүлікке құқық алу, 1 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартумен, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартумен, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеумен, не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, мүлкі тәркіленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163223-maskeude-halyqaralyq-izdeude-zhurgen-qazaqstandyq-ustaldy/