Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерилердің ақшаға бәс тігуі әскери қызметшінің атына кір келтіретін теріс қылықтар қатарына енгізілді

Жарияланған күні:

Сарбаздар мен әскери көлік құралдары
Әскери көлік құралдары. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер туралы жарғыға өзгерістер енгізетін құжатқа қол қойып, әскерилердің құмар ойынға қатысуы мен бәс тігуін әскери қызметшінің атына кір келтіретін теріс қылықтар қатарына қосты. Бұл туралы құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында: тәртіптік жарғыға 1-қосымшада: екінші бөлікте: 5) тармақшаның екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойынға қатысуы және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылыққа бәс тігу әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық болып табылады", - делінген жарлық мәтінінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Жарғының бұрынғы нұсқасында құмар ойын мен ақшаға бәс тігу әскери қызметке кір келтіретін теріс қылықтар ретінде қарастырылмаған еді.

Еске салсақ, шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойындар мен лотерея қызметіне қатысты заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған.

Мұнда мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, бюджеттік ұйым басшыларына құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынған. Шектеуді бұзғандарға қызметтен босатуға дейінгі жаза қарастырылған.

Айта кетейік, Тәртіптік жарғыға сәйкес, әскери қызметегілер үшін теріс қылықтарға мыналар жатады:

  1. қызметтік жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметтік және арнайы міндеттеріне кірмейтін кез келген кәсіпкерлік қызметпен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;
  3. қызметтік жағдайды пайдаланып, жұмыс атқарып, қызмет көрсеткені үшін сыйақы алу;
  4. бюджет қаражатын немесе мемлекеттік мүлікті тікелей қызмет көрсететін әскери қызметшінің кінәлі әрекеттері, егер бұл әрекеттер уәкілетті лауазымды тұлғаның оған деген сенімін жоғалтуына негіз болса;
  5. қоғамдық орында әскери киімде, масаң күйде немесе есірткі заттарды, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта тұтыну арқылы абырой мен қоғамдық моральға нұқсан келтіретін әрекеттер;
  6. ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163330-askeri-qyzmetshilerge-qumar-oiyn-oinauga-tyiym-salyndy-toqaev-zharlyqqa-qol-qoidy/