Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша берсеңіз де, бермесеңіз де өз еркіңіз": вице-министр автобуста қайыр сұрайтындар туралы айтты

Жарияланған күні:

Игорь Лепеха
Игорь Лепеха. Фото: t.me/KZgovernment

Сенат отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ішкі істер министрі Игорь Лепеха автобустарда қайыр сұрайтын жасөспірімдердің әрекетіне қатысты қадағалау жұмыстары қалай жүзеге асырылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Астана автобустарында жасөспірімдердің қайырымдылыққа немесе емге деп жиі ақша жинап жүретінін айтып, бұған қатысты министрліктің әрекетін сұрады.

"Мұның артында осыны кәсіп еткендер тұрған жоқ па? Қайыршылықты заңмен реттеу керек шығар?", - деді журналистер.

"Олар адамдардан талап етіп жатқан жоқ қой, ақша берсеңіз де, бермесеңіз де өз еркіңіз. Алаяқтар болуы мүмкін дегенге келсек, онда бұл біздің құзыретімізге кіреді. Бұл мәселені зерделеп көрейік. Бұл жасөспірімдердің кім екені, олардың артында кім тұрғанын анықтау үшін тиісті департамент басшыларына тапсырма беремін. Егер олардың артында біреу тұрып, осылай табыс тауып отырған болса, онда ол алаяқтық болады", - деді Лепеха.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163369-aqsha-bersengiz-de-bermesengiz-de-oz-erkingiz-vitse-ministr-avtobusta-qaiyr-suraityndar-turaly-aitty/