Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Харассмент туралы заң қабылдана ма: ІІМ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Игорь Лепеха
Игорь Лепеха. Фото: t.me/KZgovernment

Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехадан харассмент туралы заң қашан қабылданатынын сұрады. Ведомство өкілі талқылаулар болып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша біз депутаттармен талқылаулар жасап отырмыз. Үкіметке жобаны ұсынатын боламыз",- деді ол.

"Нақты қандай ұсыныс жасап отырсыздар?",- деп сұрады тілшілер.

"Әзірге жасамадық",- деді Лепеха.

Айта кетейік, "Ақ жол" партиясының мүшесі Асқар Садықов жұмыс уақытында харассментпен айналысты деп айыпталып, партиядан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған еді. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Асқар Садықов пен қол астындағы қызметкердің ватсаптағы хат алмасуына жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163379-harassment-turaly-zang-qabyldana-ma-iim-okili-zhauap-berdi/