Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда автомектеп жұмысына қойылатын талап күшеюі мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көлік жүргізуші
Көрнекі фото: pexels.com

Сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха автомектептерге лицензиясын қайтару мәселесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әзірге бұл тек ұсыныс, бұған қолдау бола ма білмеймін. Біз бұны істеу керек деп жатырмыз", - деді Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, автомектептер қауымдастығы бастаманы қолдайды.

"Біз автомектептер қауымдастығымен сөйлестік, олар бұл ұсынысты қолдады. Айталық бізде ашылған кезде қажетті жабдықпен қамтамасыз етіп, керек мұғалімдерді жалдайтын автомектептер бар. "Орындық және қол қойып" қана отыратын автомектептер де бар

Бұл жерде штат ашылып, оқу толыққанды қамтамасыз етілсе баға да жоғары болады. Кейбіреулерінде тек қағаз бен мөр бар. Сондықтан олар автомектептерге талапты күшейту керек деп отыр", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі үкіметке тиісті хат жолдаған, бұл мәселе әлі талқылау сатысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163400-qazaqstanda-avtomektep-zhumysyna-qoiylatyn-talap-kusheiui-mumkin/