Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Учаскелік полицейлердің айлығы жақсы": Лепеха тәртіп сақшыларының айлығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха "полицейлердің айлығын көтересіздер ме" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оның сөзінше, учаскелік полицейлердің айлығы жақсы.

"Учаскелік полицейлердің айлығы қазір жақсы. Учаскелік инспектор – ең көп айлық алатын ведомстодағы қызметкерлердің бірі. Кәдімгідей жақсы айлық туралы айтып отырмын", - деді ол.

"Жалпы полиция қызметкерлері айлығының төмен екенін айтады. Көтересіздер ме?" деп сұрады БАҚ өкілдері.

"Өзекті сұрақ. Министрлікке қарасты қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда әрдайым жұмыс жүргізіп келеміз. Бізге қарайтын қызметкерлер өте көп. Сондықтан бізге қарағанда басқа министрліктегілердің айлығын көтеру оңайырақ. Бірақ қазір ұлттық экономика министрлігі ұсыныс әзірлеп жатыр. 1 қаңтардан бастап оперативті емес және оперативті полицейлер бірдей айлық алады. Айлық біршама көтеріледі", - деді Лепеха.

БАҚ өкілдері Лепехадан "Айлығыңызды полиция қызметкерлерімен салыстырып бересіз бе?" деп сұрады.

Ол айлық жауапкершілікке байланысты төленетінін айтты.

"Министрдің немесе министдің орынбасарының айлығы учаскелік полиция қызметкерінің айлығымен бірдей болмайды. Айлық жауапкершілікке қарай төленеді деп ойлаймын", - деді ол.

Министрдің орынбасары айлығының мөлшерін айтудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163403-uchaskelik-politseilerding-ailygy-zhaqsy-lepeha-tartip-saqshylarynyng-ailygy-turaly-aitty/