Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада балалар бірігіп, 7 жасар баланы үшінші қабаттан лақтырмақ болған: оқушылардың ата-анасы жазаланды

Жарияланған күні:

Баспалдақ
Баспалдақ. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қыркүйектің басында Астанада кәмелеттік жасқа толмаған балалар бірігіп, 7 жасар баланы үшінші қабаттан лақтырмақ болғаны белгілі блолған еді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны оқушылардың ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана соттарына сілтеме жасап.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі бойынша іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінде бірге тұратын бес кәмелетке толмаған бала "Суицидник" қауіпті ойынын ойнау үшін 7 жасар баланы құрбан ретінде пайдаланған.

Олар баланы кіреберіске апарып, үшінші қабатқа көтеріп, баспалдақ пен баспалдақ алаңы арасында ұстап тұрған.

Сот отырысы барысында төрт ата-ана өз кінәсін мойындады, біреуі мойындамады.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы оқиғаның бейнежазбасымен және тараптардың жазбаша түсіндірмелерімен расталды.

Сот кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, балаларын тұрмыста, қоғамдық орындарда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық ережелеріне үйретпегені үшін кінәлі деп танып, оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, желіде бір топ бала бір баланы үшінші қабаттан лақтыратынын айтып, сол жоспарды іске асырмақ болғаны түсірілген видео пайда болған еді. Видеоға полицейлер пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163460-astanada-balalar-birigip-7-zhasar-balany-ushinshi-qabattan-laqtyrmaq-bolgan-oqushylardyng-ata-anasy-zhazalandy/