Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы метрополитені" қызметкерлері жолаушыларға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Мәскеу бекеті
Мәскеу бекеті. Фото: "Алматы Метрополитені" ШЖҚ МКК

Алматыда 20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған түні метрополитен жұмысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы Метрополитені" ШЖҚ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы қаласы метрополитені" ШЖҚ МКК мәліметінше, 20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс бунағын ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

"Осыған байланысты 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден бастайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Мұндай алдын алу жұмыстары пойыздардың жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет", - деп хабарлайды мекеме қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163498-almaty-metropoliteni-qyzmetkerleri-zholaushylarga-undeu-zhasady/