Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жол апатынан кейін адамдар жолда шашылған картопты жинап алды (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

Желіде жүк көлігі жол апатына ұшырап, Балқаш тұрғындарының жолда шашылып жатқан картопты жинап жатқаны түсірілген видео пайда болды. Жол-көлік оқиғастына байланысты Қарағанды облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған кадрлардан адамдардың оқиға орнына көлікпен жетіп, шашылған картопты жинап алып жатқанын көруге болады.

"Балқаш маңындағы тасжолда картоп тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырады. Адамдар қаладан келіп, тауарды жинап алып кетіп жатыр. Ең болмаса, жүкке жауапты жүргізушіге бірдеңе төлей ме екен?", - делінген видео сипаттамада.

Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 15 қыркүйекте сағат 16.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолының 629-шақырымында Volvo жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көліктің өздігінен жанып жатқанын аңғарған.

"Полицейлер деректі тіркеді, зардап шеккендер жоқ. Шашылған заттарды жинап алу мәселесіне қатысты, жүргізушінің рұқсатымен картоп жиналғанын хабарлаймыз", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163517-qaragandy-oblysynda-zhol-apatynan-keiin-adamdar-zholda-shashylgan-kartopty-zhinap-aldy-video/