Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында мемлекетке ауыр зардап келтірген шенеунік жазадан құтылды

Жарияланған күні:

Шенеунік
Жазып жатқан ер адам. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жезқазғанда шенеунік жұмысына немқұрайдылық танытып, мемлекетке зиян келтіргені үшін айыпталды. Алайда айыпталушы жауаптылық мерзімі өтуіне байланысты жазадан босатылды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жезқазған қалалық сотында Сәтбаев қаласындағы клуб ғимаратының сауда-саттығын жүзеге асыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Шенеунікке мемлекеттік функцияларды орындау барысында өз міндеттерін адал атқармады және ұқыпсыз қарады деп айып тағылды. Бұл салғырттық салдарынан Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша мемлекет мүддесіне ауыр зардап келтірілген.

"Мемлекеттік қызметкер 2017 жылғы 28 маусымда сатып алу-сату шартын жасасқанда, оның негізгі шарттарын көрсетпеген және ғимараттың сатылуына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген.

Ғимарат кейін азамат "Ч."-ға сатылып, 2020 жылы мемлекет мұқтажы үшін қайта сатып алынып, "Ч."-ға 184 млн теңге өтемақы төленген. Бұл мемлекетке осындай сомада зиян келтірді", - делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, қылмыстық жауаптылық мерзімінің өтуіне байланысты оны жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті.

Сот тергеуі барысында ауыпталушының кінәсі сотқа ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді. Алайда Қылмыстық кодекстің 71-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өткендіктен, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163733-ulytau-oblysynda-memleketke-auyr-zardap-keltirgen-sheneunik-zhazadan-qutyldy/