Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шетелдіктерді депортациялау институтын құру жоспарланып отыр

Жарияланған күні:

полиция қызметкері құжаттарды қарауда
Полиция қызметкері құжаттарды қарауда. Көрнекі фото: polisia.kz

ОКҚ-дағы брифингте көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Қазақстанда шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару және депортация институтын құру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселелері қарастырылып жатыр, ол 30 күнге дейінгі мерзімде елде болатын туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен астам уақыт болуды жоспарлайтын адамдарға қатысты болады.

Әрине, тіркеудің өзі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы артық бюрократиясыз жеңілдетілген тәртіпте жүргізілетін болады. Сондай-ақ жалған тіркеу үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер әзірленіп жатыр", - деп мәлімдеді ІІМ Көші-қон саясаты комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда шетелдіктерді елден шығару тәртібін қайта қарастыру жоспарланып отыр.

"Шетелдіктерді шығару тәртібі қазір біраз күрделі. Миграциялық заңнаманы айқын және қасақана бұзғандарды, олардың бұзушылықтарын мойындаған жағдайда, Қазақстаннан жылдамырақ шығару үшін жаңа депортация институтын енгізу жоспарда бар", - деп қосты Аталықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163951-qazaqstanda-sheteldikterdi-deportatsiialau-institutyn-quru-zhosparlanyp-otyr/