Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркек болып қалыптаспайды": депутат сарбаз неге әлемнен оқшаулануы керегін айтты

Жарияланған күні:

Оқу-жаттығудағы әскер
Дүрбімен қарап тұрған әскер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаты Константин Авершин ОКҚ-дағы брифингте неге Қазақстан армиясы сарбаздарды әлемнен оқшауламайтын Оңтүстік Корея үлгісінде реформалау мүмкін емес екенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер армияны неге ашық етпеске деген сұрақ қойды. Олар мысал ретінде Оңтүстік Кореяны келтірді, онда әскери бөлімшелердің жанында кофехана бар, күнделікті сарбаздың туыстары, достары, жақындары келіп-кете алады, осылайша сарбаз әлемнен оқшауланбайды.

"Анасы кез келген күні келіп, баласын көре алады. Бәлкім осындай армияны біздің елде де жасау керек шығар?" - деп сұрады журналистер.

Оларға мәжіліс депутаты Константин Авершин жауап берді.

"Психология деген ғылым бар. Ол (сарбазды айтады – авт. ескертпесі) армияға не үшін барады? Әсіресе кеңестік дайындық жүйесін алсақ, оның мақсаты – анадан бөлініп, өз бетінше өмір сүруге үйрену. Ал мұнда елестетіп көріңізші, ол анасын кофеханада отырғанын біліп отырса, ешқашан еркек болып қалыптаспайды!" - деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетейік, бүгін ОКҚ-да әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Брифинг барысында қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық қоғамда армия туралы екі қате пікір қалыптасқанын айтты.

Біріншісі, оның айтуынша, әскерде бейбіт уақытта әскери қызметшілер қайтыс болады, екінші тезис – жеке құрам арасында әлімжеттіктің болуы туралы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164149-erkek-bolyp-qalyptaspaidy-deputat-sarbaz-nege-alemnen-oqshaulanuy-keregin-aitty/