Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден заңсыз жолмен 170 тоннадан астам картоп жеткізілмек болған

Жарияланған күні:

Бірнеше тонна картоп
Бірнеше тонна картоп. Фото: АШМ

Ресейден сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелмек болғандар анықталды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы өкілдері Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан "Қайрақ" фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықтады.

"Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164251-reseiden-sertifikatsyz-170-tonnadan-astam-kartop-akelmek-bolgandar-anyqtaldy/