Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғып, үсік жүруі мүмкін
Жарияланған күні:
23 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.
23 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады
23 қыркүйекте Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қыркүйекте Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
23 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
23 қыркүйекте Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
23 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
23 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
23 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
23 қыркүйекте күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
23 қыркүйекте Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
23 қыркүйекте Түркістан облысынның басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қаласында 23 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
23 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164446-qazaqstannyng-birneshe-ongirinde-qatty-zhel-sogyp-usik-zhurui-mumkin/