Алматыдағы ірі марафонға байланысты қандай көшелер жабылады
Жарияланған күні:
2024 жылдың 29 қыркүйегінде кезекті он үшінші Almaty Marathon өтеді. Осыған байланысты марафон өтетін күні жолдардағы көлік қозғалысы жартылай жабылады деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
29 қыркүйекте сағат 06:20-ден 12:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылар қашықтықты өткеннен кейін жолдар ашылады.
Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында орналасады, сондықтан Сәтбаев көшесінің бойында Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жабылады.
Назарбаев даңғылының бойында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі көлік қозғалыс сағат 6:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Достық даңғылымен екі бағытқа балама жол жүру бағыты.
Әл-Фараби даңғылының бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі көлік қозғалыс іс-шара күні сағат 6:30-дан 9:45-ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Батыс бағытта балама жол жүрісі Төле би көшесі мен Абай даңғылы бойында жүзеге асырылады.
Әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта көлік қозғалыс сағат 6:35-тен 10:15-ке дейін ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылы бойынша шығыс бағытта балама жол жүру бағыты орналасқан.
Саин көшесінің бойында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта көлік қозғалыс сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Бауыржан Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта балама жол жүру бағыты.
Абай даңғылының бойында Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі шығыс бағытта көлік қозғалыс сағ. 7:10-нан 11:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшесі бойынша балама жол бағытында жүруге болады.
Абай даңғылының бойында Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:20-дан 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылындағы балама жол жүру бағыты.
Байтұрсынов көшесінің бойында Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:30-дан 12:15-ке дейін толығымен жабылады.
Сәтбаев көшесінің бойында шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі көлік қозғалыс 7:40-тан 12:30-ға дейін толығымен жабылады. Абай даңғылымен батыс бағытта, Төле би көшесімен шығыс бағытта балама жол жүру бағыты ашық.
Шашкин көшесінің бойында әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:30-дан 08:05-ке дейін толығымен жабылады. Марков көшесіндегі балама жол жүру бағыты.
Тимирязев көшесінің бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:30-дан 08:15-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен балама жол жүру бағыты.
Байзақов көшесінің бойында Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:35-тен 08:50-ге дейін ішінара жабылады. Әуезов көшесімен солтүстік бағытта, Манас көшесімен оңтүстік бағытта балама жол жүру бағыты.
Құрманғазы көшесінің бойында Байзақов көшесінен Байсейітов көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:40-тан 08:10-ға дейін ішінара жабылады. Төле би көшесі бойымен шығыс бағытта балама жол жүру бағыты.
Абылай хан даңғылының бойында Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:45-тен 09:15-ке дейін ішінара жабылады. Қонаев көшесімен солтүстік бағытта, Достық көшесімен оңтүстік бағытта балама жол жүру бағыты.
Желтоқсан көшесінің бойында Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі көлік қозғалыс сағат 7:50-ден 09:20-ға дейін ішінара жабылады. Достық көшесіндегі балама жол жүру бағыты.
Деректер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164842-almatydagy-iri-marafonga-bailanysty-qandai-kosheler-zhabylady/