Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көлікті тоқтатпақ болған полиция капитанын капотымен сүйреп әкеткендер ұсталды

Жарияланған күні:

Көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізіп келе жатқан адам. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген күйеуін жауапкершіліктен құтқармақ болған әйел заң өкілдеріне бағынбаған. Ол көлікті тоқтатуға ұмтылған полиция капитанын капотымен іліп әкетіп, бірнеше метрге дейін сүйреп барған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 22 қыркүйекте қала көшелерінің бірінде болды. Патрульдік полиция қызметкерлері Lexus маркалы көлікті тоқтатқан. Медициналық сараптамадан кейін 29 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықталған.

"Экспертиза қорытындысынан кейін 29 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Сараптамадан өткен ер адам медициналық мекемеден қашып, әйелінің көлігіне отырды. Әйел ер адаммен бірге жасырынуға тырысып, көлікті тоқтатуға тырысқан полиция капитанын бірнеше метрге сүйреп әкетті. Полиция қызметкері зардап шеккен жоқ. Екеуі де ұсталды", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164900-aqtobede-kolikti-toqtatpaq-bolgan-politsiia-kapitanyn-kapotymen-ilip-aketkender-ustaldy/