Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Артақшинова "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Әсел Артақшинова
Әсел Артақшинова. Фото: Қазақстан халқы ассамблеясы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті "Қоғамдық келісім" РММ директорының ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс жөніндегі орынбасары болып Артақшинова Әсел Сейітжанқызы тағайындалды.

Әсел Сейітжанқызы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орыс тілі мен әдебиеті, заңтану мамандығын бітірген. Заңтану ғылымдарының "Заңтану" мамандығы бойынша магистірі.

Әр жылдары ол Қарағанды мемлекеттік университетінде, Қарағанды қаласы Жастар істері бойынша, туризм және спорт комитетінде, "Өрлеу" ҰБАО АҚ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникация қызметі" РММ, ПІБ Медициналық орталағында, Жоғары аудиторлық палатасында еңбек етті.

Сонымен қатар, Артақшинова Әсел 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры, 2024 жылғы наурыз айынан Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Әсел Сейітжанқызы "Ерен еңбегі үшін", "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгілерімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164980-asel-artaqshinova-qogamdyq-kelisim-rmm-direktorynyng-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/