Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот журналисті танымал блогер туралы ақпаратты жоққа шығарып, жарты млн теңге төлеуге міндеттеді

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Фото: freepik.com

Сот блогердің журналистің үстінен түсірген шындыққа жанаспайтын ақпаратты жоққа шығару және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы сотына сілтеме жасап хабарлайды. БАҚ мәліметінше, сөз Баян Алагөзованың Дана Орманбаеваның үстінен жазған талабы жөнінде болып отыр.

Алматы соттарының Telegram-дағы ресми арнасының мәліметінше, 4,5 миллион жазылушы бар танымал блогер белгілі журналист таратқан ақпараттың "шындыққа жанаспайтынын және оны қоғамда қабылданған заңдар мен моральдық принциптерді сақтау тұрғысынан теріс сипаттаған" деп есептеген.

Сол себепті блогер Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғауды және журналистің Instagram және Telegram желісіндегі жеке парақшасында тараған ақпаратты жоққа шығаруды талап етіп, талап арызбен жүгінген. Сонымен қатар ол соттан моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өндіріп беруді сұраған.

Журналист өз жарияланымдарындағы ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және пікір түрінде екенін айтып, шағымды мойындамаған.

Сот өкілдерінің мәлімдеуінше, "Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы заңнаманы сот тәжірибесінде қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес, Азаматтық кодекстің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, таратылған ақпараттың шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі.

"Талап қоюшы өзіне қарсы талап қойылған тұлғаның оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратылған деректерін ғана дәлелдеуге міндетті, сонымен бірге оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін дәлелдеуге құқылы", - дейді сот өкілдері.

Сот филологиялық-лингвистикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жауапкер ұсынған мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деректер санатына жатады.

Осыған байланысты сот істің мән-жайы мен сараптама қорытындысын ескере отырып, блогердің шағымын ішінара қанағаттандырды.

"Журналист таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтыны, блогердің ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні анықталды.

Сот журналисті деректерді жоққа шығаруға міндеттеп және блогердің пайдасына моральдық шығынды өтеу үшін 500 мың теңге өндірді", - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл ретте Zakon.kz желілік басылымы Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваның үстінен шағым түсіргенін жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164990-sot-zhurnalisti-tanymal-bloger-turaly-aqparatty-zhoqqa-shygaryp-zharty-million-tengge-toleuge-mindettedi/